Мәдениет

Димаштың алғашқы альбомы шықты

14 маусым күні жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің тұңғыш ән жинағы жарық көрді. Бұл туралы әншінің өзі хабарлап, алғашқы еңбегімен қатар келген қуанышымен бөлісті.

— Алғашқы жеке альбомым 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені әрдайым қолдайтын тыңдармандарыма рақмет. Сіздердің арқаларыңызда осындай жетістіктерге жетіп жатырмын, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, музыкалық жинаққа «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен беріледі. Ол әр елде әрқалай. Мысалы, АҚШ-та 1 миллион, Ресейде 100 мыңдық сатылымнан немесе жүктеп алудан асса әлгіндей құрметке лайық деп танылады екен.

Қытай елінің QQ музыкалық платформасына таралған альбом «ID» деп аталады.

Айта кетейік, 25 жастағы Ақтөбенің даңқты перзенті 29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өзінің «Арнау» атты жеке концертін өткізбек.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button