Мәдениет

Ақтөбелік камералық хор ұжымы жеңіспен оралды

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры Украина еліндегі Одесса қаласында өткен «Южная Пальмира» атты ХХIV халықаралық хорлар мен вокалдық ұжымдар арасындағы байқауда бас жүлдеге ие болды.

Аталған байқауға Украина, Белоруссия, Польша, Италия, Болгария, Армения  жəне Молдавиядан келген 20-дан астам вокалды ансамбль қатысты.

Облыстық филармонияның Қазақ камералық хоры бас жүлдеге және

«Джазовая музыка» және «Халық музыкасы»  номинациялары бойынша 1-орынға қол жеткізді. «Үздік дирижер» атағы Мербол Кұспановтың еншісінде болса, «Үздік солист» атағына Серік Жұбатқан ие болды.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button