Жаңалықтар

Балаларға балмұздақ таратты

Көліктегі полиция департаментінеқарастыАқтөбестанциясындағыжелілікполиция бөлімініңқызметкерлері «Аяла» науқасбалалардыоңалтуорталығыныңемделушілерінеарнапАшықесіккүнінөткізді.

Шараға отызға жуық емделуші бала келді. Полиция қызметкерлері «Теміржол — қауіпті аймақ» тақырыбында ақпараттық дәріс берді. Теміржолдың кез келген жерінен өтпеу, пойыздан сақтанып жүру туралы жол ережелері айтылды. Қауіп-қатерден сақ жүру, иісшіл иттер арқылы қылмыскерлерді ұстау және тағы басқа да қызықты да қиын  полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы әңгімеленді. Сондай-ақ балалар қару-жарақ көрмесін тамашалады. Музейге экскурсия ұйымдастырылды.

Шараның соңында балаларға тәттілер мен балмұздақ таратылды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button