Пікір

Жастарға қамқорлық жасала береді

Асылжан БҮРКІТАЛИН,

«Жас Отан» жастар қанатының

Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.

Елордада тұтас қазақ халқы үшін маңызды шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміне куә болдық.

Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі, шәкірті ретінде Елбасымыз салған саяси сара жолды жаңғыртып, әрі қарай жетілдіретіндігіне сеніміміз мол. Оның бір дәлелі ретінде Президенттің бүгінгі ұсынған жаңа бағдарламасын айтуға әбден болады. Президент ұсынған жаңа бағдарлама қоғамның бүгінгі сұрақтарының барлығына жауап бергендей.

Айтулы шарада Мемлекет басшысы бірқатар мәселелерге тоқталды, бірнеше негізгі бағыттарды нақтылады. 10 негізгі бағытты белгілеген Мемлекет басшысы олардың барлығын дереу жүзеге асыру керектігін айтты.

Еліміздің жас буыны ретінде Президенттің ел жастары мәселесіне баса назар аударғандығы қатты қуантты. Жастар мен оның келешегіне үлкен сенім артып отырған Мемлекет басшысы елімізде «Президенттік кадрлар резерві» құрылатындығын айтып, біз секілді жастардың жүрегіне үлкен сенім мен үміт ұялатты. Бұл — саясат аренасында еліміздің дамуы үшін, отандастарымыздың жайлы өмір сүруі үшін қызмет етіп жүрген жастарға берілген таптырмас мүмкіндік деп білеміз.

Біз мақсаты айқын, жолы ашық егеменді еліміздің жастары ретінде Елбасы салған саяси сара жолды қолдап, Мемлекет басшысы нақтылап берген міндеттерді орындап,  еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button