Пікір

Сенім мен бірлік

Ерлан ТӘТІМОВ,

облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері.

Ел Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Ақтөбеден 62 адам бардық. Ұлықтау рәсімі аса жоғары деңгейде өтті. Заңды түрде қызметіне кіріскен Мемлекет басшысы алда атқарылар біраз шаруа тұрғанын, бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасалатынын  мәлім етті.

Мен ең негізгі төрт бағытқа тоқталғым келеді. Ең бірінші — халықтың табысын арттыру. Екінші — сыбайлас  жемқорлықпен күрес. Бұл бағытта қыркүйек  айына дейін жұмыс жоспары құрылмақ. Үшінші  — әлеуметтік мәселелерді шешу. Оның ішінде жол, су, тағы басқа өзекті проблемалар бар. Әрбір отбасы таза суды тұтыну керек. Жолдың сапасына қатысты да сын көп. Осы проблемаларды қамтыған Президент автожолдардың сапасын жақсарту ең негізгі мақсат екенін айтты. Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі — экологиялық ахуалдың нашарлап бара жатқандығы. Мемлекет басшысы елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет екенін, қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керектігін мәлім етті. Төртінші  мәселе — қоғамдағы әртүрлі көзқарастарды сыйлай отырып, ортақ ұстанымға шақыру.

Сондай-ақ жиында  көпбалалы аналардың жағдайы, халықтың әл-ауқатын жақсарту шаралары да сөз болды. Мемлекет басшысы бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Өз басым ұлықталған Президенттің сөзінен үлкен үміт күтемін. Бірлік пен ынтымақ болса, еліміздің гүлденері ақиқат.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button