Жаңалықтар

Ұстаздар көкше жерінде демалып қайтты

Кәсіподақ

Білім саласында еңбек ететін қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы  жыл сайын мұғалімдердің сауықтыру орындарында демалып, ем алуына елеулі мән беріп келеді. Биыл да оқушылардың көктемгі каникулы кезінде кербез Көкше жеріндегі «Щучинск» шипажайына Ақтөбе облысынан 50 мұғалім демалып, емделуге бардық. Сол әріптестерімнің қатарында мен де болдым. Сұлу Көкшенің әсем табиғатын тамашаладық, білікті дәрігерлерден жанымызға шипа таптық. Біз үшін бұл материалдық мүмкіндік қана емес, кәсіподақтың мұғалімдерді рухани қолдауы болып қалды. Білім саласының облыстық және Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымдарына  ұстаз еңбегін бағалағандары  үшін  жас ұстаздар атынан айтар алғысымыз шексіз.

 Гүлсім ЖҰМАБАЕВА,

Теректі негізгі мектебінің жас маманы.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button