Жаңалықтар

 «Нұрлы жер»: өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр

10 маусым күні  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынған 9 қабатты үйлерден бос пәтерлерді сатып алуға (конкурссыз) өтініштер қабылдана бастады. Барлығы 529 пәтер бар.

Атап айтқанда, «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивінің 3-шағын ауданындағы №10,12 үйлерде, 4-шағын аудандағы №17 үйде 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер беріледі. Барлығы да таза әрлеудегі үйлер.

— Бір бөлмелі үйлердің шаршы метрі 120 мың теңгеден, екі бөлмелі үйлер — 135 мың және үш бөлмелі үйлердің шаршы метрі 130 мың теңгеден сатылады. Бұл нарықтағы ең арзан бағалар. Жалпы алғанда пәтер бағалары үй аумағына қарай  6 288 000-11 973 000 теңге аралығында. Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады. Яғни, 6288000 теңгенің бір бөлмелі пәтерін алғыңыз келсе, шамамен 1260000  теңге қаражатыңыз болса, жеткілікті. Несие жылдық 5 пайызбен беріледі.  Брондау туралы өтінімдерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңсесіне келіп беруге болады, — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының қызметкері Мақсат Зайтов.

Өтінімдерді қабылдау 28 маусымға дейін жалғасады.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button