Басты жаңалықтар

2,5 миллион теңге мүмкіндігі шектеулі балаларға аударылды

Ақтөбеде «Жақсылық үшін жарыс» ұранымен «Aqtobe CNPC – AMG HalF Marathon» жарысы ұйымдастырылды.

Мақсат-спортты насихаттау, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған шара халықаралық қайырымдылық статусын алды. Жарысқа еліміздің әр аймағы мен Ресей, Қытай, Молдова, Оңтүстік Корея елдерінен азаматтар қатысты. Қатысушылар таңертеңнен бастап «Қазақ халқына мың алғыс» алаңына жиналды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысушыларды құттықтады.

— Таңертеңгі уақыттан бастап барлығымыздың осы жерге жиналуымыз көңілге қуаныш сыйлайды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жергілікті билік осындай іс-шараларды қашанда қолдауға әзір,— деген облыс басшысы шараның маңыздылығына тоқталды.  Қала әкімі Ілияс Испанов және «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсян, тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаев жиналғандарды құттықтады. Қатысушылар 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықта жүгірді. Марафоннан 2,5 миллион теңге қаражат жиналды. Қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін «АРДА Растемка» қоғамдық бірлестігіне берілді. Жарыс соңында жеңімпаздар медаль және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Облыс әкімі Марат Жыланбаев пен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсянға «Ақтөбенің 150 жылдығы» мерекелік медалін тақты. Марафон туралы толық ақпарат газеттің алдағы санында жарияланады.

Кәмшат Қопаева.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button