Ақтөбе — 95Басты жаңалықтар

Журналистер аллеясы: капсула салынды

«Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы мерекесі тұсында Журналистер саябағын ашудың алғашқы қадамы жасалды. Кеше Баспасөз үйі жанынан қаламгерлердің болашақ демалыс орнында капсула салу рәсімі өтті.

Жиынды ашқан «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин мұндай мәдени орынның журналистерге өзара сұхбаттасып, пікір алысып, жақсы демалу үшін қажеттігін айтып өтті.

Салтанатты рәсімде қос буын өкілдері — облыстық «Ақтөбе» газетінің бұрынғы бас редакторы Идош Асқар мен жас журналист Айбек Тасқалиев капсула салды. Ескерткіш жазуда «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы құрметіне Журналистер саябағы ашылды» делінген.

Жиында ардагер журналист Аманқос Орынғалиұлы сөз сөйлеп, мұндай саябақтың қалам иелеріне қала әкімдігінің қолдауымен жасалып отырған қамқорлық екенін атап көрсетті және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бас қосатын орталығына айналатындығына сенім білдірді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button