Жаңалықтар

Егемендігіміздің берік негізі

Атаулы күн

Ақтөбеліктер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. 4 маусым күні Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің берік негізі» атты  салтанатты шара өтті.

Тутұғыр маңында қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның қатысуымен өткен мерекелік шара жастар шеруімен басталды. Мерекелік туды алаңға алып келіп, Әнұран шырқалған соң қала әкімінің орынбасары қала тұрғындары мен қонақтарын атаулы күнмен құттықтап, бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ тіледі.

Сондай-ақ шара барысында жыл сайынғы дәстүрге сай жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау салтанаты өтті.

— Бүгін еліміз үшін де, біздің отбасымыз үшін де айтулы күн. Мерейлі мереке —Рәміздер күнінде мемлекеттік қызмет мектебіне аяқ басып жатырмын. Өте қуаныштымын. Мен мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, — деді қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Шахноза Жолдасбаева.

Салтанатты жиында патриоттық әндер шырқалып, биші қыздар қазақ биін биледі.       

Ал патриоттық флешмоб шарасына балабақша бүлдіршіндерімен қатар мектеп және колледждердің 500-ге жуық оқушысы қатысты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button