Ақтөбе — 95

Шежіре сыр шертеді

Нұрқайыр ТЕЛЕУОВ,

облыстық газеттің 1965-1992 жылдардағы редакторы.

Биыл шыға бастағанына 95 жыл толып отырған «Ақтөбе»  газеті — менің жүрегіме өте жақын, сондай ыстық. Мен де биыл тоқсанның тұғырына шықтым. Бір тылсым күш солай орайластырғандай,  мерейтойларымыз қатар келіп отырады. Сондай салтанаттарда «Туған газетімнен 5 жылға ғана кішімін» деп әзілдейтінмін. Менің облыстық газетке редакторлық етуім де ұзақ, алпысыншы жылдардың орта шенінен тоқсаныншы жылдардың басына дейін, 27 жыл бас редактор болып қызмет атқардым.

Ол уақытта облыстық газеттің редакторлығына мен сияқты отыздың үстіндегі жас кадрлар жете бермейтін. Менің қызметке келуіммен редакцияның құрамы да біраз жасарып, жаңарды. Кәсіби журналистермен толықты. 1971 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Үш мәрте КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің жеңімпазы атанды. КСРО Журналистер одағы мен «Журналист» журналының бірінші дәрежелі сыйлығымен марапатталды.

Газеттің біраз мерейтойлары біздің тұсымызда аталды. Еліміздің басынан саяси қуғын-сүргін, қатаң цензура сынды талай аласапыран кезеңдер өткен ғой. Соның әсері болу керек, бірсыпыра уақытқа дейін газеттің дәл шыққан уақытын анықтай алмай, 1932 жылдан есептеп жүрдік. Кейін арнайы іздеу салу арқылы анық дерегін анықтадық, алғашқы номерін де таптық.

Облыстық газет — өңіріміздің айнасы, 95 жылғы шежіресі. Өткен тарихымыз — сол айнадан жарқырап көрінеді, шежіре сыр шертеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button