Ақтөбе — 95

Жауапкершілік жүгі

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА,

журналист, сатирик.

«Ақтөбе» газетіне  1999 жылы наурыз айында сол кездегі осы басылымның басшысы Идош Асқар ағаның шақыруымен қызметке келдім.
Сол кезде газетте Нұқы Қартбайұлы,Төлеміс Меңдіғали, Сағымбай Сембаев, Тарғынбай Шәңгереев, Аманғос Орынғалиев сияқты алдыңғы толқын ағалар қызмет істейді екен. Құрдастарым Нұрмұханбет Дияров, марқұм Әлімбай Ізбай, Ләззат Қойшығұлқызы, Зәуреш Басығараева, Нұрлыбек Жұбатқан сияқты  іні-сіңлілерімізбен шұрқырасып табыстық. Алматыдан келгенде редакция өзімнің туған үйімдей әсер етті. Сол кездегі атмосфера мүлде бөлек-тін, әлі күнге сағынышпен еске аламын. Мектепті енді бітірген оқушыдай қызметті терушіліктен бастадым, одан да ұтылған ештеңем жоқ. Бірге жұмыс істеген Рауан Әминова мен Нұрша Биданованың орны тіпті бөлек мен үшін. «Ақтөбе» газеті —  тілшілердің ұстаханасы. Бұл жерде  мықты тәжірибеден өтесің, бар жиған-терген біліміңді жүзеге асырасың, сол жағынан келгенде жақсы мектептен өттім деп ойлаймын.
Журналистің жұмысы  атан түйеге жүк боларлықтай  жауапкершіліктен тұрады. Жазған мақалаң сенің қабілет-қарымыңнан, біліміңнен ғана емес, кісілігіңнен, адалдығыңнан хабар береді. Нағыз журналиске  оқырманның, халықтың берген бағасы қымбат.
Әрбір журналистің, әрбір газет қызметкерінің өлшеусіз еңбегі әрқашан құрметке лайық. Кәсіптеріне адал әріптестерімді газеттің 95 жылдық мерейтойымен  құттықтай отырып, дендеріне саулық тілеймін!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button