Ресми

ЕГІС АЛҚАПТАРЫ — ЕЛ НЕСІБЕСІ

Статистика

Облысымызда 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптары қанша? Қандай дақылдардың егістік көлеміне қандай өзгерістер енді? Алқаптарға қандай жаңа дақылдар себілді?

Міне, осы сауалдарға нақты жауаптар ұсынылып отыр.

Негізгі дақыл — бидай

Облыс бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 846,3 мың гектар жерге себіліп, өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемі 4,7пайызға кеміді. Ал

егістік алқабы көлемінің бұлайша азаюына, өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар егістігі көлемінің 59,7 мың га немесе 7,5 пайызға азаюы әсерін тигізді. Керісінше майлы дақылдар алқабы 25,0 мың гектар құрады немесе 25,5 пайызға ұлғайды, тиісінше картоп 8,3 мың гектар немесе 10,2 пайызға, көкөніс бақша дақылдары 4,7 мың гектарға немесе 10,5 пайызға, мал азықтық дақылдар 76,6 мың гектарға немесе 17,0 пайызға ұлғайды.

Егістік алқаптарының негізгі бөлігі 731,6 мың гектар немесе 86,4 пайыз дәнді және бұршақты дақылдарының үлесіне тиеді.

Негізгі өсірілетін дақыл болып, бұрынғысынша бидай қала береді (дәнді және бұршақты дақылдардың барлық көлемінен 86,6 пайыз алып отыр).

2010 жылғы егістік алқаптарының құрылымы.

Кім қандай дақыл екті?

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы  дақылдарын өсірумен барлық егісітік алқабының 58,3 пайызын құрайтын 145 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 1180 шаруа (фермер) қожалықтары (егістіктің 40,4 пайызы) айналысады. Бұл шаруашылықтарда негізінен дәнді және бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдар өсіріледі.

Барлық егістік алқаптарының 1,3 пайызы жұртшылық шаруашылықтарының үлесіне тиеді.

Ал картоп және көкөніс бақша дақылдарының басым бөлігі (83,1 пайыз) жұртшылық шаруашылықтарында, саяжайларда өсіріледі.

Аудандар үлесі

Егістік алқаптарының ең үлкен көлемі төмендегі аудандарда:

Әйтеке би — облыстағы егістік алқаптың 23,9 пайызы;

Мәртөк — 19,1 пайызы;

Қарғалы — 15,7 пайызы;

Алға — 11,6 пайызы;

Хромтау — 11,3 пайызы.

Жаңа дақылдар

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бұрын облыста өсірілмеген нут (бұршақты дақыл) және зығыр тұқымдары (май алу үшін) өсірілуде.

ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

2010  жылдың бірінші жартыжылдығында облысымызда  инвестициялық   қызмет өткен жылғы деңгейден асып түсті. Бұл саладағы көрсеткіштер былайша таратылады.

Алты ай — 133 миллиард теңге

2010  жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар, қайта есептеуді ескергенде, облыс бойынша 133 миллиард теңгені құрады. Бұл 2009  жылғы  деңгейінен  6,8 пайызға  жоғары және біздің облысымыз республика бойынша 8-орын алып тұр.

Инвестицияның басымды көздері: кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаржылары — 68,4 пайыз.

Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаржыларының үлес салмағы 13,5 пайыз құрап отыр және 2009 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда  49 пайыз   өсті.

Маусым айында 2010 жылғы  мамырмен салыстырғанда  инвестицияның жалпы  көлемі 5,7 пайыз өсті.

Қаржылар қайда бағытталды?

Инвесторлардың жеке қаржылары, негізінен, өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар (85 пайыз  және осыған тиісті 5,6 пайыз) сияқты экономикалық қызмет түрлеріне бағытталды.

Бюджет қаржыларының үлкен бөлігі (37,5 пайыз) инженерлік инфрақұрылымның құрылуына, әлеуметтік объектілер құрылысы мен жалдау коммуналдық және несиелік тұрғын үй  дамуына жұмсалды.

Өсім

2010 жылғы қаңтар-маусымда инвестициялар өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда облыстың 10 ауданында белгіленіп отыр.

Оның ішінде Қобда және Мәртөк (4,1 есе), Алға (2,1 есе) аудандарында елеулі өсім белгіленіп отыр.

Өткен жылдың тиісті айына пайыздармен белгіленген көрсеткіштер:

АЙ-ХАЙ, ШІРКІН, ӨЗ ҮЙІҢ…

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында облысымыздағы тұрғын үй құрылысы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тағы да ілгері қарқын көрсеткені байқалды.

Осы көрсеткіштерді талдап көрелік.

Тұрғын үй — 144,1 мың шаршы метр

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 4,7 пайызы тұрғын үй құрылысына бағытталды  және  6252 млн. теңге  құрады.

Барлық  меншік түрлеріндегі  кәсіпорындар мен  ұйымдар жалпы аумағы 144,1  мың шаршы метр тұрғын үй ғимараттарын салды, бұл — 2009 жылғы қаңтар- маусымнан  7,2 пайызға жоғары.

Жеке үйлер

Жеке үй салушылардың үлесіне  48,5 пайыз немесе жалпы көлемі 114 мың шаршы метр келіп тұр, оның ішінде іске қосылған ғимараттардың жалпы үлесінің 35,7 пайызы (76,8 пайыз) халық  үлесінде.

Пәтерлер

2010 жылғы қаңтар-маусымда 1 270 пәтер іске қосылды, бұл өткен жылғы   тиісті   кезеңімен  салыстырғанда   0,4 пайыз жоғары.

Орташа құн

2010 жылғы   қаңтар-маусымда  көппәтерлі үйлер  құрылысының 1 шаршы метрінің нақты орташа құны 44,4 мың теңгені  құрады, халық қаражатымен тұрғызылған  тұрғын үйлер — 49  мың теңге.

Ақтөбе қаласы озып тұр

Облыстың 6 ауданында іске  қосылған  тұрғын үйлер саны өсті.

Әсіресе, жалпы көлемі 107,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылған Ақтөбе қаласында (124,1 пайыз) және жалпы көлемі 3,3 мың шаршы метр (107,1 пайыз)  тұрғын үй іске қосылған Темір ауданында елеулі өсім белгіленіп отыр.

Іске қосылған  тұрғын үйлердің жалпы көлемі  (74,4 пайыз) Ақтөбе қаласының үлесіне тиіп тұр.

Өткен жылдың тиісті айларына пайыздармен салыстырылған көрсеткіштер:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша

әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button