Жаңалықтар

«Ақбөбек» оқушылары жеңімпаз атанды

Жуырда Қызылорда қаласында дарынды балаларды қолдау, тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында республикалық зияткерлік турнирі өтті.

Бағдарламасы ауқымды бұл турнирді «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған еді. Оның аясында пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар қорғау, өнер фестивалі, сондай-ақ, шахмат пен дойбы ойындарынан сайыстар қамтылған. Білім мен өнер сайысына республиканың әр аймағынан 300-ден астам оқушы қатысқан.

Зияткерлік турнирге «Ақбөбек» мектебінен 1-3 және 4-5-сыныптан барлығы 9 оқушы қатысып, әр бағытта сынға түсті. Біреулері қазақ тілі мен математика бойынша пәндік олимпиадаға қатысса, енді бірі мәнерлеп оқу және қолөнер шығармашылығы аталымы бойынша өнерлерін ортаға салды. Қуаныштысы, олардың арасында үш бірдей оқушы бас жүлдеге лайықты деп танылды. Қалған алты оқушы да үздіктер қатарынан табылып, жүлделі 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарға Дубай қаласында өтетін халықаралық зияткерлік турнирге қатысуға жолдама берілді. Сөйтіп, озат оқушыларымыз өз білімдерін барша әлем балалары алдында паш етумен бірге, әлемді көркімен тамсантқан Абу-Даби, Шарджа және Дубай қалаларын аралап, демалуға да мүмкіндік алып отыр.

 Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button