Жаңалықтар

Түлектер пәтер сыйлады

4 маусым күні Темір ауданының орталығында тосын да қызық әрі  қайырымдылыққа толы оқиға болды.

Баспанасыз жүрген, үйінде мүмкіндігі шектеулі жолдасы бар, үш баланың анасы Алтынай Бекенееваға бір кісі кенеттен телефон шалып: «Сізге пәтер сатып алып қойдық. Келіп, үйдің құжаттары мен кілтін алыңыз…» деген. Мұны есіткенде, көпбалалы ана мен оның жұбайы, өз құлақтарына өздері сенбей, әдепкіде сасып қалған. Дегенмен, барлық сыр – олар айтылған мекенжайға келгенде ашылды. Ең бастысы – пәтер сатып алынғаны рас екен!

Сөйтсе, ерлі-зайыптылардың көптен бері баспанасыз қиналып жүргендерін сырттай байқаған Шұбарқұдықтың 1989 жылғы түлектері, өздерінің оқу бітіргендеріне 30 жыл толуына орай, осы кісілерге жәрдем беруге бірауыздан келіскен. Нәтижесінде, №1 Шұбарқұдық қазақ орта мектебінің «а», «б» сыныптары және Ж.Кереев атындағы орта мектептің «в» сыныбының түлектері ұйымшылдық танытып,  қомақты қаржы  жинап, Рамазан айының соңғы күні бір пәтер сатып алып,  әлгі отбасыға сыйға тартты.

Пәтердің кілті мен құжаттарын тапсыру рәсіміне қайырымды түлектермен бірге, қоныс иелерінің туған-туыстары мен жора-жолдастары қатысып, құтты болсын айтты, шашу шашылып, естелік суреттерге түсті.

 Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ,

 Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button