Мереке

Балғын желаяқтар анықталды

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта балалар жүгірісі өтті. V халықаралық «CNPC-AMG Aqtobe HalFMarathon» аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, балғын желаяқтарға сәттілік тіледі.

— 1 маусым — халықаралық деңгейде аталып өтілетін үлкен мереке. Бүгін біздің бүлдіршіндеріміздің мейрамы. Әлемдегі барлық бала бақытты болу үшін жаралған. Барлық балаларға денсаулық, сәттілік тілеймін. Балалық шақтарың бақытты өтсін, — деп бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірген  облыс басшысы жас желақтармен бірге естелік суретке түсті.

Облыс әкімінің құттықтау сөзінен соң, жарысқа қатысушылар өзара бөлініп, жас санаттары бойынша жарыс жолына түсті.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Біржан Мұсаевтың айтуынша, жарысқа 400-ге жуық бала қатысқан.  Желаяқтардың ең кішкентайы 6 жаста болса, ең үлкені — 13 жаста. Олар 100 метр мен 600 метр аралығында сынға түсті.

Марафон соңында бақ сынаған барлық желаяқ бүлдіршіндерге медальдар табысталып, жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ жүгіріске қатысушылардың барлығына тегін балмұздақ таратылды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button