Жаңалықтар

«Аламо» мергендікке баулиды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық тәжірибелік ату федерациясының  ату кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Ақтөбе қаласы аумағындағы Ақжар ауылы маңында  ашылған спорттық  кешен көлемі 4 гектарды құрайды. Облыс басшысы көпшілікті  Ақтөбенің 150 жылдығына орай пайдалануға берілген нысанның ашылуымен  құттықтады.

«Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, адамның денсаулығы мен рухының мықты болуына септігін тигізіп келеді. Мемлекет дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр.  Бұл кешеннің ашылуы біздің қаламыздың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына жаңа қарқын беретініне сенемін», — деді облыс басшысы.  Ашық алаңда атудың  7 түрі бойынша жаттығуға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button