Мереке

Берекелі базарлық

Балаларды қорғау күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» облыстық филиалы Арбатта астфальтқа сурет салу конкурсын ұйымдастырды. Бұл шараға 60-тан астам бала қатысты. Балапандардың бірі күннің суретін салса, бірі гүлдің суретін салды, енді бірі үйдің суреттерін бейнеледі. Бұл шараға қатысқан кішкентай суретшілердің барлығына сыйлықтар үлестірілді.

— Бала — әрбір шаңырақтың қуанышы. Әрбір сәбиге бақытты балалық шақ тілейміз. Олардың әрқайсысы өз отбасының сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөленіп өссін. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» балапандардың болашағына қажет болады деген ниетпен сәбилерге де депозит ашуды жолға қойды. Бүгінде жаңадан туған сәбиге де депозит ашуға болады. Ол үшін баланың жеке сәйкестендіру номері болса жеткілікті. Тіпті банк кеңесшісін перзентханаға шақырып алып, өмірге енді келген сәбиіңізге де депозит ашуға болады. Бала 14 жасқа толмаған болса, депозит ашуға оның заңды өкілінің ғана рұқсаты бар, ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар депозитті ата-анасының рұқсатымен өздері рәсімдей алады. Бүгінде еліміз бойынша «тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» балаларға ашылған 150 мыңға жуық депозит бар. Ал Ақтөбеде 18 жасқа дейінгі балаларға ашылған 7100 депозит бар. Егер допозитінде қажетті қаржы жиналса, балалар 18-ге толғаннан кейін жеке баспаналы болуға несие рәсімдей алады, — дейді аталған банктің облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Ескендірова.

Айта кету керек, биыл елімізде Елбасының бастамасымен Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы бағытта жыл басынан бері Ақтөбе облысында түрлі салаларда жұмыс істеп жатқан бірқатар жас маман баспаналы болды.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button