Басты жаңалықтарМереке

Халықаралық балаларды қорғау күні: мерекелік шаралар қайда өтеді?

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Әр шаңырақтың мәні мен сәніне айналған балапандардың мерекесіне орай Ақтөбе қаласының бірнеше жерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Қалалық әкімдік берген мәліметке сәйкес, Халықаралық балаларды қорғау күнін ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек. Сонымен…

Мерекелік шаралардың негізгі бөлігі түскі сағат 13.00-ге дейін қаламыздағы барлық саябақтарда ұйымдастырылады.

Түскі сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта «Бақытты бала — бейбіт елдің тірегі» атты ойын-сауықтық мерекелік бағдарлама басталып, «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтеді. Сондай-ақ қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен балаларға арналған «Көңілді старт» спорттық ойындар сайысы, «Балбұлақ» балалар кітап көрмесі ұйымдастырылады. Ал кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік сауда-саттық жәрмеңкесі болады.

Дәл осы мезетте «Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін», «Бар мейіріміміз —балаларға», «Балалық балдәурен шақ», «Балауса бағым — шаттық пен қуаныш ордасы» тақырыптарында түрлі мерекелік шаралар Ақтөбе Арбатында, «Керуен сити» ойын-сауық-сауда орталығында, «Ретро» және А.Пушкин атындағы демалыс саябағында, Астана ауданындағы «Денсаулық» саябағында, Алматы ауданындағы «Жеңіс» саябағында ұйымдастырылады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button