Құқық

Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Акция

28-30 мамыр аралығында көліктегі полиция департаментінің 2019 жылға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарына сай халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Тәртіпсіздікке және құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша акция өтті.

Басты мақсат — теміржол және әуе көліктеріндегі қауіпсіздікті қадағалау. Қылмыстарды дер кезінде анықтап, алдын алу.

Екі күн бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын ұсақ құқықбұзушылықтар анықталып, ескертулер берілді. Сондай-ақ 48 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.

Теміржол және әуе көлігі нысандарындағы мекемелердің ұжымдарымен кездестік. Жайсаң, Бестамақ стансаларында болып, жергілікті тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілді. Себебі қос елді мекенде теміржол бойында ойнайтын балалар мен малдың өтуі жиі кездеседі. Осының салдарынан жыл басынан бері пойызды 16 рет шұғыл тежеу фактісі болды, — дейді Ақтөбе станциясының желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жакен Артықов.

Оның айтуынша, қаланың қақ ортасынан өтіп жатқан теміржолдың Мәскеу ауданына өтетін тұсы мен Тұрғындар қалашығы маңындағы Тургенев көшесінің бойы қауіпті аймақ.

Күніне 10 пар жолаушылар пойызы, 3 халықаралық пойыз  өтеді.

Көп жерлерде адамдар өздерінің жолда жүру құқын білмейді. Кез келген жерден теміржолды қиып өтуге болмайды. Арнайы белгіленген жерлер бар. Теміржол қауіпсіздігін сақтау — әр адамның міндеті. Рұқсат етілмеген жерден өткені үшін айыппұл төлейді. Біздің басты міндетіміз — жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, оқыс оқиғалардың алдын алып, алдын ала ескерту, — дейді ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button