Ақтөбе — 150Басты жаңалықтар

Димаш мерекелік медальмен марапатталды

Бұл күні ақтөбеліктер тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Ұлы даланы әлемге танытытып жүрген Ақтөбенің төл перзенті әнші Димаш Құдайберген мерекелік кешке арнайы қатысты. Республикалық «Ән тербеткен Ақтөбем» атты авторлық әндер байқауының жеңімпаздарына бас жүлде сыйлығын тапсырып болған соң, Димаш Құдайбергенге облыс басшысы Оңдасын Оразалин «Ақтөбенің 150 жылдығы» мерекелік медалі мен ықылас гүлін табыстады.

— Құрметті жерлестер, қала қонақтары! Сіздердің үлкен ықыластарыңыз бен ақ пейілдеріңізге шын жүректен алғыс білдіремін. Осынау құтты мекен Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына куәгер болып тұрғаным үшін өзімді бақытты сезінемін. Өйткені айтулы мерекені сіздермен бірге тойлап, ақ тілегімді жеткізу — мен үшін үлкен бақыт, үлкен мәртебе. Баршаңызға мереке құтты болсын! — деген әлем мойындаған мега жұлдыз облыс әкіміне өз ризашылығын білдіріп, көрсетіп жатқан ерекше құрметтеріне рақметін айтты. Ақтөбе жұртшылығын 150 жылдығымен құттықтаған ол жүрегі қашанда Отан деп соғатындығын жеткізді.

Сондай-ақ ол өзінің өнер әлемінде кеңінен қанат жаюына септігін тигізген құрметті ұстаздары Марат Әйтімов, Дина Ниязова, Жайлау Асылхановтарға ерекше алғысын білдіріп, келер жылы ақтөбеліктерге жеке концертімен келгісі келетіндігін айтты.

Бірнеше сағатқа созылған мерекелік кеш отшашумен аяқталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button