Ақтөбе — 150Басты жаңалықтар

Стритбол орталығы ашылды

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақ алаңында Стритбол орталығы ашылды. «К7GROUP» құрылыс компаниясының демеушілігімен тұрғызылған орталықтың ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов қатысты.

Салтанатты шара барысында сөз алған облыс әкімі көше спортын дамытудың маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындары мен жас спортшыларды Ақтөбе шаһарының 150 жылдық мерейтойымен құттықтады.

— Бүгін біз үшін маңызды күн, өйткені бүгін біздің сүйікті қаламызға 150 жыл толып отыр. Осы мерекені қала тұрғындары әдемі көңіл күйде қарсы алуы үшін біздің тарапымыздан бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қала тұрғындары мен бүлдіршіндеріне қолайлы  жағдай жасау — біздің басты міндетіміз. Бүгінгі күні іргесі қаланғанына 150 жыл толып отырған Ақтөбе шаһарында өнерге, спортқа барамын дейтін жастар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Соның бір дәлелі деп бүгінгі ашылып жатқан Стритбол орталығын айтуымызға болады. Мұндай орталықтар біздің жастарға керек. Осы ретте орталықтың бой көтеруіне септігін тигізген азаматтарға облыс басшылығы атынан алғыс білдіремін. Ал барлық қала тұрғындарын Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сүйікті қаламыз көркейе берсін, — деп өз тілегін жеткізген өңір басшысы спорт саласының дамуына үлес қосқан бірқатар үздіктерге мерекелік медальдар табыс етіп, стритболдан өткен қала чемпионатының алғашқы жеңімпаздарын марапаттады.

Айта кетейік, жаңадан пайдалануға берілген Стритбол орталығы —  «К7GROUP» құрылыс компаниясының қала күніне арнаған тартуы.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button