Ресми

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ БИОӘРТҮРЛІЛІК» ОБЛЫСТЫҚ ФОТОКОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

«Туризм және Биоәртүрлілік» облыстық фотоконкурсы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған «Биоәртүрлілік — 2010» халықаралық жылы аясында, дүниежүзілік туризм күніне орай және 2009 жылғы 21 желтоқсандағы облыстық мәслихаттың кезекті 20 сессиясының № 239 шешімімен қабылданған «Туризм» кластері бойынша 2010-2012 жылдарға арналған Ақтөбе облысының Шебер-жоспарын жүзеге асыру аясында өңірдің туристік беделін арттыруға, облыс пен қаланың туристік имиджін қалыптастыруға бағытталып өткізіледі.

1.Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-облыстың рекреациялық ресурстарын және туристік әлеуетін насихаттау;

– фотоөнер туындылары арқылы қала тұрғындарын және қонақтарын өңірдің өсімдіктері мен хайуанаттары жөнінде ақпараттандыру;

– жаңа бағыттар мен демалыс базаларын қалыптастыру;

– жаңа тұлғаларды анықтау – дарындарға өздерінің ең үздік шығармашылық жұмыстарын ұсынуға мүмкіншілік жасау.

Бұл міндеттерді орындау үшін:

– фотоконкурс жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

– финалистер фотосуреттерінің көрмесін өткізу жоспарлануда.

2.Конкурсқа қатысу шарттары:

– әртүрлі меншік иесіндегі кәсіпорындар мен жеке тұлғалар, жасына қарамастан, барлық белгілі бағыттағы фотоөнері саласында тәжірибеге ие барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Конкурстық фотосуреттерді ұсынатындар үшін міндетті шарттар:

– фотосуреттер ақырына дейін жеткізіліп, сапалы орындалуы тиіс.

– авторлық құқықтар сақталуы қажет;

– сурет форматы – JPEG;

– өлшемі 6 – 12 пиксельден кем емес;

– файл өлшемі – 2 Mb кем емес;

Әр фотосурет келесі ақпаратпен сүйемелденуі қажет:

–  автордың  аты және тегі;

–  фотосурет атауы (5 сөзден кем емес);

– түсірілген уақыты;

– фотосуреттің түсірлен орны;

– номинациясы.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

-Аңдар.

-Құстар.

-Микроәлем (жәндіктер, өрмекші және т.б.).

-Су асты әлемі.

– Жануарлар.

-Өмір үндестігі.

-Жануарлар және адамдар.

-Өсімдік магиясы (өсімдіктер, мүк,саңырауқұлақтар,жидектер  және т.б.).

-Пейзаж.

Әр номинация бойынша 10 жұмыстан артық болмауы тиіс;

Қазылар алқасымен ұсынылған белгілер мен көрсеткіштер:

– Жұмыстың эстетикалық сапасы;

композициялық және шешімнің түстілігі;

– техникалық сапасы;

– шешімнің оригиналды түрде болуы.

3. Конкурсты өткізу шарттары

«Туризм және Биоәртүрлілік» облыстық фотоконкурсының қорытындысы конкурстық комиссияның мәжілісінде жүргізіледі, комиссия жұмыстың көркемдік құндылығын, тақырыпқа жақындығын және өзгешелігін ескеретін болады.

– конкурс 10.08.2010 ж. – 31.08.2010 ж. аралығында өткізіледі;

– «Туризм және Биоәртүрлілік» облыстық фотоконкурсын ұйымдастырушы облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы болып табылады.

– конкурсқа қатысушылар белгіленген тәртіптегі тапсырыс жасауы керек. Заңды тұлғалар тапсырысында кәсіпорын басшысының қолы мен мөрі міндетті түрде болуы тиіс;

– конкурсқа тапсырыс пен конкурстық жұмыстар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 030010 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 628-бөлме, телефондары: 8 (7132) 55-26-36, 55-27-85, e-mail: aktobe_tourism@mail.ru.

4. Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздарын марапаттау

– конкурс қорытындысы конкурстық комиссияның мәжілісінде шығарылады. Облыстық конкурс жеңімпаздары 2010 жылдың 6 қыркүйегінде жария етіледі;

– конкурс жеңімпаздары бағалы жүлделер, сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталады;

– Облыстық конкурс жеңімпаздарының үздік жұмыстары іріктеу үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жіберіледі;

– Министрлікпен жеңімпаздар деп танылғандар жұмыстар Дүниежүзілік Туристік ұйымының Бас Ассамблеясы өткізетін фотокөрмелерде көрсетілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button