Ақтөбе — 150Мәдениет

Ән мен әзіл кеші

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «Екі езу» әзіл-сықақ театры сатиралық шоу концертін өткізді.

Ашық аспан астындағы кеште «Екі езу» әзіл-сықақ театры қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жергілікті әншілер Ақтөбе туралы әндер шырқап, алаңда жиналған көрермендер вальс биледі.

«Екі езу» әзіл-сықақ театры  Ақтөбе  қаласының 130 жылдығы қарсаңында құрылды. Ең алғашқы концертімізді сол жылы берген болатынбыз. Бүгінде театр құрамында 15 адам бар. Биыл театр өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде өңірімізде де, театрымызда да елеулі өзгерістер орын алды. Жақында ғана республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ фестивалін өткіздік. Сондай-ақ Арқалық қаласында өткен фестивальде Сейіт Кенжахметов атындағы арнайы жүлдеге ие болдық. 

Алдағы уақытта да жоспарлар көп. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы құтты болсын! — деді «Екі Езу» әзіл-сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button