Спорт

Тимур — күміс жүлдегер

Ақтөбелік спортшы Тимур Хайдаров Польшада өтіп жатқан әлемдік додада күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, 23-26 мамыр аралығында Польшаның Познань қаласында байдарка мен каное есуден Әлем кубогы үшін жарыс өткен болатын. Аталған халықаралық додада жерлесіміз Тимур Хайдаров ел қоржынына күміс медаль салды.

Бір адамдық каноемен 200 метр қашықтыққа жарысқан спортшы грузиялық Зазе Надирадзеге жол берді. Ал үшінші орын Беларусь спортшысы Артем Козырьге бұйырды.

Жүлдең құтты болсын, Тимур!

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button