Мәдениет

Өмірін өлеңмен өрнектеген

Фестиваль

Ақтөбеде «Өмірін өлеңменен өрнектеген арулар» атты мүшәйра өтті.

Шара «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» атты қалалық тіл фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Қазақтың рухты ақыны Фариза Оңғарсынова шығармашылығын насихаттауға арналған мүшәйраға тілек білдірушілер арасынан іріктеліп алынған 10 адам қатысты. Олар — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, мәдениет саласы қызметкерлері және қаладағы оқу орындарының студенттері.

Мүшәйрада қатысушылардың әрқайсысы үш өлеңнен оқыды: Фариза ақыннан бір өлең; Фариза рухына арнау және өз шығармашылығынан бір өлең.

Қорытындысында, 1-орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Зылиха Наурызалина иемденді. Ал 2-орын — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқушысы Мерейлім Шағыраеваға, 3-орын №60 мектептің мұғалімі Айкөркем Замединоваға берілді. Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button