Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақтөбе жұртшылығымен кездесті

Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбе облысында жалғастырды.

Штаб мүшелері облыс жұртшылығымен кездесіп, кандидаттың Сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.

Соның ішінде бағдарламада халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгені кеңінен сөз болды. Өйткені аталған құжатта көптеген қазақстандықтар үшін өзекті саналатын баспана мәселесін шешудің тиімді жолдары қарастырылған.

— Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін 650 мың қазақстандық отбасын немесе 2 миллионнан астам азаматты баспанамен қамтуды алдына басты міндет етіп қойып отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта 40 мың отбасына жалдамалы пәтерлер беру мәселесі де қарастырылған. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, тиісті жұмыстар бірыңғай жүйеге негізделмек, — деді Республикалық штабтың басшысы Мәулен Әшімбаев.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде Штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұлғалық қасиетіне және оның бағдарламасының басты қағидаларына назар аударды.

— Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі ұстанымдары — Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету, әділдікті ту етіп, өрлеуге ұмтылу. Сол арқылы өңірлерді біркелкі дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, елді мекендерді ауызсумен, электр энергиясымен қамту, жылу беру нысандарын жаңғырту, республикалық деңгейде және жергілікті автожолдар салу және сол істерге қомақты қаражат бөлу қарастырылып отыр, — деді Республикалық штабтың мүшесі Нұртай Сабильянов.

Сонымен қатар, Штаб мүшелері облыстың Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының жұртшылығымен кездесіп, Сайлауалды бағдарламада ауылдық жерлерді дамыту, ұстаздар мен дәрігерлердің жағдайын жақсарту, жемқорлықты түп-тамырымен жою сияқты халықтың көкейіндегі мәселелер көтерілгенін айтты. Үгіт-насихат жұмыстары облыстағы тағы бірқатар кәсіпорындарда жалғасты.

Одан бөлек, Республикалық штабтың «TeamQazaqstan» жастар қанаты да осы бағытта белсенді жұмыс істеуде. Олар жуырда аталған жұмыстар аясында салауатты өмір салтын насихаттап, Нұр-Сұлтан қаласында арнайы іс-шара өткізді.

Р.РҮСТЕМОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button