Жаңалықтар

«Асыл ана — 2019» форумы өтті

Ақтөбеде дәстүрлі «Асыл Ана — 2019» форумы өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған форумға 100-ден астам адам қатысты.

Форумның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Форумға қатысушылар арасында абыройлы еңбек пен бала тәрбиесін қатар алып жүрген мұғалімдер, кәсіпкерлер, дипломаттар, дәрігерлер, қолөнер шеберлері, блогерлер, психологтар,  журналистер т.б. мамандық иелері болды. Негізінен, 20 номинация бойынша жүлделер тағайындалды. Форумның құрметті қонағы әрі спикері ретінде белгілі тележүргізуші, дизайнер, продюсер, ал ең бастысы, бақытты ана — Динара Сәтжан шақырылды. Ол өз өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, табысты болу мен бала тәрбиесін қатар алып жүруді қалай үйлестіруге болатыны туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Биыл бұл жоба «Шаңырақ» компаниясының ұйымдастыруымен өткізілді. Форумды тамашалауға 600 адам келді. Олардың арасында көпбалалы 100 анаға сыйлық сертификаттары табысталды.

Ал байқау нәтижесі бойынша, бас жүлдеге педагог Вера Кириченко ие болды. Ол байқауға мүгедек балалармен жұмыс жасауға арналған авторлық бағдарламасымен қатысқан еді.

Форум аясында ақтөбелік кәсіпкерлердің қатысуымен көрме де ұйымдастырылды. Жалпы, шара барысында түскен табыстың бір бөлігі Ақтөбедегі «Аналар үйіне» аударылады.

 

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button