Жаңалықтар

Қоғамдық штаб жұмысы жандана түсуде

Nur Otan партиясы облыстық филиалында өткен брифингте Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының жетекшісі Сәния Қалдығұлова қорытынды ақпараттарды хабарлады.

— Облыста қазіргі уақытта 14 штаб құрылып, оның жұмысына 500-ден астам адам тартылды. Олардың арасында неғұрлым танымал және құрметті партиялық әріптестеріміз бар, көпшілігі бұрынғы сайлауларға қатысып, тәжірибе жинақтаған. Кандидатымыз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған үгіт науқаны 11 мамырда 18 сағат 30 минутта басталды, — деді Сәния Қалдығұлова. — 12 мамырдан кандидаттың қоғамдық қабылдауы өз жұмысына кірісті. Азаматтардың шағымдарын жедел қарап, тұрғындар көтерген мәселелерді барынша тез шеше алатын беделге ие команда жасақталды. Қоғамдық қабылдауларда сайлаушылардың ұсыныстары мен талап-тілектері, шағымдары, телефонмен берілген хабарламалары жинақталып, зерттеледі. Барлық хабарламалар талдаудан өтеді. Қазірге дейін 62 қабылдау жүргізіліп, 328 өтініш қабылданды.

Сайлау комиссияларында 1184 сенімді өкіл тіркелді.

11 мамырдан 17 мамырға дейін 16556 адамды қамтыған 145 шара өткізілді. Бұдан басқа, кандидаттың сенімді тұлғалары 48529 адамды қамтып, 752 шара өткізді.

Үгіт кітапшасы арнаулы бөлімінде 7063 адам қатысқан «Birge» акциясын өткізу барысында олар өз ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді, көкейкесті мәселелер мен проблемаларды көтерді. Үгіт кезеңінде неғұрлым танымал әлеуметтік желілерде электоралды науқанның барысы туралы ақпараттық материалдарды берудің әртүрлі формалары пайдаланылады.

Жалпы науқан уақытында әртүрлі мақсатты топтардың ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындармен үш мыңдай кездесу өткізілетін болады.

Үгіт кезеңі үш үгіт толқынымен өткізілмекші.

Бірінші толқын 11-21 мамыр аралығында «Халыққа қызмет етеміз!» атауымен өтеді, оның мақсаты — Кандидатты таныстыру және ақпараттық, саяси бастамаларды қамту.

Екінші үгіт толқыны 22-31 мамыр аралығында «Мен халық даналығына сенемін!» атауымен өтіп, толық басымдықты көздейді.

Үшінші үгіт толқыны 1-7 маусымда өтіп, «Игіліктер — барлығы үшін!» атауымен абсолютті жеңіске жету үшін барлық жағдайды жасауға ұмтылады.

Н.МҰРАТБЕКОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button