Басты жаңалықтар

«Қазхром» волейбол командасын құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин волейболдан Қазақстан Ұлттық лигасында чемпион атанған «Қазхром» волейбол командасын қабылдап, оларды жеңісімен құттықтады.

Кездесу барысында облыс басшысы спорт басшылығы мен жауапты мамандарға өңірде волейбол спортын дамытып, оны бұқараға көптеп насихаттау керектігін тапсырды. Басқосуда волейболшылар облыс әкіміне естелікке «Алтын доп» тарту етті.

Мамырдың 7-15 аралығында Тараз қаласында Ұлттық Лиганың плей-оффқа шыққан төрт ерлер командасы арасында волейболдан ҚР XXVII чемпионаты өткен болатын. Ойын нәтижесінде, «Қазхром» командасы  финалдық ойында «Атырау» волейбол командасын 2:0 есебімен ұтып, алғаш рет волейболдан Ұлттық лигада бірінші орынды иеленді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button