Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Nur Otan партиясынан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ақтөбеге сапарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.

Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратының күмбезді залында өткен кездесуді ашқан облыстық қоғамдық штаб басшысының орынбасары Аманкелді Есіркепов қатысушыларды делегация мүшелерімен таныстырды. Шараға қатысқан мемлекет және саяси қайраткер Елеусін Сағындықов, Сенат депутаты Бақтыбай Шелпеков, Мәжіліс депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Смағұл  Бақытбек, Артур Платонов,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова, спорт шебері Эльмира Әлиева, Балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева, «Altyn Qyran» компаниялар тобы байқаушылар кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Исламбек Салжанов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек, белгілі дизайнер Айжани Нұрланова, «Жайна» жекеменшік медициналық мекемесінің директорыНұрила Жарболовалар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Мемлекеттік және саяси қайраткер Елеусін Сағындықов кандидаттың сайлауалды  бағдарламасының басты ұстанымдары туралы сөз қозғады.  «Басты ұстаным — Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу. Бұл үш негізгі элемент әрбір қазақстандыққа ертеңгі күн тұрақты және әділ болатынына сенімділік береді», —  деді Е.Сағындықов.

Шара барысында партия мен ҮЕҰөкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, партиялық «Keдергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобаларының жүзеге асырылу мәселелерін талқылады.

— Үкіметтік емес ұйымдар мүшелері  жаңашылдыққа құмар, кез келген өзгерісті тез қабылдайды, тұрғындармен етене жақын жұмыс істей алады, сондықтан халықтың мұң-мұқтажын жақсы біледі. Бұл бізге үкіметке тың идеялар ұсынуға мүмкіндік береді. Қоғамдағы түрлі проблемаларды шешу жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан азаматтық секторға үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр. Азаматтық сектор мен атқарушы билік арасындағы осындай екі жақты тығыз қарым-қатынас еліміздің болашақта кемелденуіне, жаңа бағытта жұмыс істеуге жол ашады, — дейді Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының атқарушы директоры Гүлмирам Сражева.

Қоғамдық және партия жақтастарымен өткен кездесуден кейін Республикалық штаб мүшелері бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Ақтөбе тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button