Жаңалықтар

Штаб жұмысын бастады

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың Ақтөбе облысы бойынша штабында сайлаушылармен кездесу өтті. Онда тұрғындарға штабтың сайлауалды жұмыстары мен бағдарламалары таныстырылды.

Облыстың барлық аудандарында үміткердің жұмыс штабы ашылып, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Бұл  ерекше сайлау болады. Өйткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  елдегі сайлаудың ашық әрі әділ өтуін тапсырған болатын. Біз бүгінде  өңірлердегі  барлық сала өкілдерімен кездесіп, халықты сайлауға қатысуға жұмылдырып, саяси сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын қолға алдық. Үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының қаржылық мүмкіндіктері өте аз. Өңірлерді аралап, жұртшылықпен кездесудің жол шығындарын жергілікті азаматтар  көтеріп жатыр. Жасыратыны жоқ, біздің сайлауға  бақылаушыларымыз да жеткіліксіз. Аз уақыт ішінде 160-қа жуық бақылаушыны оқытуға кірістік, — дейді штаб жетекшісі, облыстық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Айтқали Италиев.

Сондай-ақ,  Президенттікке үміткерлердің сайлауалды жұмыстарын бақылап, сайлауға мониторинг жүргізетін «Аманат» талдау орталығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Айгүл Дүйсенова бастаған топ штаб жұмысымен танысып, семинар өткізді.

Естеріңізге сала кетсек, үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Алтынсарин көшесі, №13 үйде орналасқан.

                                                                                       Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button