Ақтөбе — 150

Сексен адам қатысқан слет

Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай «Менің Отаным — Қазақстан» республикалық туристік-экспедициялық жасақтары слетінің облыстық кезеңі өтті.

Мақсат — балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, туристік-өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақты туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, кіші Отанын зерттеуге тарту, білім алушылардың іздеу-зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру, практикалық қызметке қызығушылық танытатындарды анықтап, қолдау.

Облыстық слётке Қарғалы, Хромтау, Қобда аудандарынан және қала мектептері мен бірқатар мектеп-интернаттардан, қосымша білім беру ұйымдарынан барлығы сексенге жуық бала қатысты.

Туристік-экспедициялық слёттің алғашқы күнінде «Экологиялық есеп» және «Туған өлке соқпақтары» тақырыбында таныстырылым жасалып, «Спорттық бағдарлау», «Туристік түйіндер», «Топографиялық белгілер», «Жол кедергілері», «Туристік соқпақ», «Команданың визит карточкасы» номинациялары бойынша жарыс өтті. Келесі күні туристік  бақылау маршруты бойынша түрлі жол кедергілерінен өткен оқушылар «Құс ұясы» атты  байқауға қатысты.

Слет барысында ең үздік туристік-өлкетану командалары анықталды. Бірінші орынға қол жеткізген қалалық жас туристер стансасының «Роза ветров» тобы республикалық кезеңге жолдама алды.

Нұрбек ШҮРЕНБАЕВ,

Ақтөбе қалалық жас туристер  

стансасының әдіскері.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button