Спорт

«Қазхром» — чемпион!

«Тараз-Аренада» өткен ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының ХVII ұлттық лигасында  «Қазхром» командасы атыраулық қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.  

«Біз – Қазақстандағы ең мықты командамыз! Еліміздің чемпионы атану – команда тарихында ең елеулі жаңалық». Бұл – «Қазхром» волейбол командасының капитаны Роман Байнякшиннің бізбен бөліскен әсері.

Хромтау қаласындағы комбинаттың дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің алдынан  Дөң тау-кен байыту комбинаты ұжымы мен қала жұртшылығы оларды қуана қарсы алды. Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарды аудан әкімі Аманғали Бердалин мен Дөң тау-кен байыту комбинатының техникалық директоры Равиль Насыров құттықтады.

Чемпионаттың төрт айналымы қазан-мамыр аралығында жүрді. Клуб директорының айтуынша,  ойыншылар үшінші айналымда жақсы ойын көрсетіп, соңғы айналымда жеңіске жеткен.

– Команданың Қазақстан Республикасының чемпионы атануы – үлкен жетістік,- дейді жаттықтырушы Сергей Грибов. — Біздің серіктестеріміз Еуразиялық Топ пен Ақтөбе облысының әкімідігіне және Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылығына алғысымыз шексіз. Сенімді ақтап, үміт үдесінен шығып, үздік нәтижеге қол жеткіздік!

 

Арайлым ҒАНИ,

Хромтау қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button