Спорт

Азия біріншілігі: Ақтөбе 2 алтын, 1 күміс

Брифинг

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде Тайланд астанасы Бангкокте  аралас жекпе-жек (Mixed Martial  Arts) бойынша өткен Азия біріншілігінен  жүлделі оралған ақтөбелік спортшылар баспасөз конференциясын өткізді.  2-5 мамыр аралығында өткен, 16 мемлекеттен 90 спортшы қатысқан  чемпионаттан  жерлестеріміз жүлделі  оралған еді.

52 келі салмақтағы  Бағдат Жұбаныш, 77 келі салмақтағы Айдын Төлепбаев Азия чемпионы атанса, 61 келі салмақтағы Дастан Амангелді чемпионаттың күміс жүлдесіне ие болды. Бұлардың үшеуі де халықаралық дәрежедегі спортшылар.  Осылайша  Қазақстан құрама командасының көшін ақтөбелік жігіттер  бастады. Айта кетсек,  осы Азия чемпионатына елімізден 27 спортшы қатысып,  Қазақстан құрама командасының қоржынына жалпы есеппен 7 алтын, 9 күміс, 5 қола түсті.

 Тайландтағы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Енді бізді  алда тағы да  додалар күтіп тұр.  Жазда Италияда өтетін Еуропа чемпионаты мен күзде Бахрейнде өтетін әлем біріншілігіне дайындалып жатырмыз, — деді ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, облыстың аға жаттықтырушысы Азамат Марқабаев.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button