Жаңалықтар

Өрт себебін жұмыс тобы анықтайды

Ақтөбенің Орталық базарындағы павильонда орын алған өрт дерегі бойынша жұмыс тобы құрылды.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен 9 мамыр күнгі түнде Орталық базар аумағында болған ірі өрт дерегі бойынша  жұмыс тобы құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин жағдаймен танысып, базардың басшылығымен және жалға алушыларымен кездесті.

«Айсұлтан» павильонының 1200 шаршы метр алаңы сағат 03.30-да  өртке душар болған.

«Бірінші экипаж оқиға орнына 3 минуттан кейін келді. Өртке қолда бар барлық өрт сөндіру техникасын тарту арқылы ең жоғарғы үшінші дәреже берілді. Өрт сөндірушілер өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеді. Тілсіз жау сағат 04.52-де ауыздықталып, сағат 05.28-де жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», — деді төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасым.

Өрт сөндіруге 170 адам мен 39 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button