Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу рәсімі өтеді. 

Бүгінгі күні облыстық, қалалық және 12 аудандық штабтар құрылды.Оларда жалпы 500  адам жұмылдырылды.

Шабтардың үгіт-насихат  жұмысы 11 мамырдан басталды.

Кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмелері 12 мамыр мен 7 маусым аралығында жұмыс жасайтын болады. Жеке және заңды тұлғалар, азаматтар тобын 13 мамырдан бастап сенімді өкілдер қабылдайды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс кестесі келесідей:

Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Сенбі күні 09.00 ден 13.00-ге дейін, жексенбі күні – демалыс.

Кандидаттың сенімді өкілдері сайлаушыларға кандидаттың Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арызын, шағымын, ұсыныстары мен тілектерін қабылдайтын болады. Сондай-ақ сайлау заңнамасын азаматтарға түсіндіріп,  дауыс беру тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сенімді өкілдердің  сайлаушыларды қабылдауы күнделікті сағат 10.00-ден  13.00 –ге дейін жүргізіледі.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің тиісті жұмысын ұйымдастыру сенімді тұлғалар – Ахат Мырзалинге (кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, штаб мүшесі), Келдібай Еспағамбетовке («ҚР Бейбітшілік және келісім кеңесі» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, партия ардагері, штаб мүшесі), Сергей Вишнякқа («Динар-Электромаш» ЖШС басшысы, қоғам белсендісі, штаб мүшесі), Дархан Боранқұлға (партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, штаб мүшесі) жүктелген.

Осы күні «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдау мақсатында флешмоб өтті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button