Басты жаңалықтарЖеңісМереке

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді  9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл  күн —  бейбітшілік  сүйгіш бүкіл адамзат қауымымен бірге фашизмді талқандауға үлес қосқан, әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтар үшін маңызы зор мереке.

Ел мен жердің тағдыры таразы басына түскен сын сағатта ақтөбелік азаматтар да ерен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті.

Жеңіс мерекесі — «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деп тынымсыз тірлік еткен, балалық шағынан еңбекке араласып, ерте есейген тыл еңбеккерлерінің мерекесі.

Ақтөбе өңірі — сұрапыл соғыс жылдарында батырлығымен аты шыққан Әлия сынды ержүрек апаларымыздың ізі қалған қасиетті мекен.

Ардагер ағаларымыздың соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы Отанға адал қызмет етудің зор үлгісі болып табылады.

Әрбір майдангердің қосқан үлесін ескеріп, құрметтеу — әр азаматтың ардақты борышы.

Халықтың ауызбірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу — біздің басты парызымыз.

Мерейлі мереке қарсаңында отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, ортаймас дәулет, молшылық пен бақ-береке тілеймін!

Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Ақтөбе облысының әкімі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button