Жаңалықтар

Облыс әкімінің стипендиясы беріледі

Облыс әкімінің стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссия құрылды. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Бұл туралы аймақтық коммуникация қызметінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов хабарлады.

Шараның мақсаты — жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының озат студенттерін қолдау, мүгедек және көпбалалы отбасынан шыққан жастарға көмек көрсету. Стипендия алу үшін студенттерге қойылатын талап бар. Студент облыста тұрғылықты жерде тіркеуде тұруы керек. Сондай-ақ облыс пен  қала аумағындағы қоғамдық шараларға белсене қатысатын, жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер де үміткер бола алады.  Жетім, мүгедек және көпбалалы отбасынан шыққан студенттердің құжаттары  бірінші кезекте қаралады. Іріктеу қорытындысы мамыр айының соңында жарияланады. Стипендия облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Былтыр 158 студентке стипендия тағайындалған. Ал биыл 177 студентке шәкіртақы тағайындау көзделіп отыр. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттер 160 мың теңге, ал кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқитын жастар 80 мың теңгеден шәкіртақы алады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button