Жаңалықтар

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді  7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — қайсар мінезді ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.

Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізі қаланып, еліміздің қауіпсіздігі нығайтылып, айбынды армияға айналуына жол ашылды.

Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне айналды.

Отансүйгіштік, туған жерді қорғау, адалдық таныту — қасиетті ұғым. Мұндай ізгі қасиеттер біздің болашақ табыстарымыздың қайнар бұлағы болып табылады.

Осынау мерейлі мереке қарсаңында отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, ортаймас дәулет, молшылық пен бақ-береке тілеймін!

Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Ақтөбе облысының әкімі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button