Мереке

Қадірлі жамағат! Ардақты мұсылман бауырлар!

Сіздерді ұлық мереке — Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей!

Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей!

Еліміздің ең басты құндылығы — ол ішкі татулық, бейбітшілік. Осы бейбітшіліктің арқасында біз қарқынды әрі дамыған елге айналып отырмыз.

Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай!

Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын!

Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Ақтөбе облысының әкімі. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button