Жаңалықтар

Билер ұлықталып, ардагерлер ардақталады

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық сот ұжымында болып, қызметтік ғимаратты аралап, сот отырысы өтетін орындардың жұмысымен танысты»,— деп хабарлады облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Облыстық сот төрағасы Сәкен Абдолла облыс басшысына Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша бірқатар  жұмыстардың  атқарылып жатқандығын жеткізді. Аталған бағдарлама шеңберінде облыстық сот отырысының жеті бірдей залы билер мен облыстық сот жүйесінде қызмет еткен ардагерлердің есімімен аталады.

Сот  отырысы өтетін залдар Мөңке би, Шеген би, Былшық би, Ермембет бидің есімдерімен аталса, сот отырысы  өтетін 3 залдың  атауы сот жүйесінде әртүрлі кезеңдерде сот төрағалары болып  қызмет еткен Қарақойшы Сахипов, Қойшы  Кейкин, Иран Әміров  cынды  ардагерлердің атымен аталатын болады. Бұрын сот отырысының  залдары кісі есімдерімен аталмай, нөмірлермен ғана белгіленетін еді.

«Сот саласы да «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыруда тиісті шараларды қолға алды. Тарихи тұлғалардың есімін дәріптеп, бабалар есімін ұлықтауда  жасаған істеріңізге сәттілік тілеймін», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Содан соң облыс басшысы мен облыстық сот төрағасы ғимарат айналасына  ағаш көшеттерін отырғызды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button