Жаңалықтар

«Мақсатымыз — заңды да ашық сайлау»

Республикалық «Аманат» азаматтық алаңының облыстық штабы өз жұмысын бастады.

Сенбі күні Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында республикалық «Аманат» азаматтық алаңы төрағасының орынбасары Андрей Кудеев: «Бұл — сайлаудың әділ, ашық өтуіне мүдделі азаматтардың тәуелсіз бірлестігі. Біз ешқандай кандидаттың мүддесін көздемейміз, біз сайлаушылардың мүддесін көздейміз», — деп атап өтті.

Ал облыстық штабтың жетекшісі Айгүл Дүйсенова осы бағытта атқарылатын істермен таныстырды:

— Біздің алға қойған мақсатымыз — үміткерлердің сайлауға түсуге өтініш білдірген сәтінен бастап, сайлауға қатысты барлық процестерге қоғамдық мониторинг жүргізу, сол арқылы сайлаудың ашық та әділ өтуін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосу. Жұмыстар, негізінен, бес бағытта жүргізіледі. Солардың бірі — сайлаушыларды өз құқықтары жөнінде хабардар ету. Осы мақсатта заңгерлік кеңес қызметі ұйымдастырылады, сондай-ақ сайлауға алғаш қатысатын жастарды оқыту да көзделген, — деді ол.

«Аманат» азаматтық алаңы қоғамдық бірлестіктер өкілдері, сарапшылар, жастар мен белсенді азаматтардың басын қосып отыр.

Ал сайлау күні барлық сайлау учаскелерінде бақылау жүргізуді іске асыру үшін 50 «мобилді капитан» оқытылатын болады. Олар бақылаушылар жұмыстарын үйлестірмек.

Облыстық штаб Ы.Алтынсарин көшесіндегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің №5 оқу корпусында орналасқан.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button