Мереке

Ерлік пен естеліктер айтылды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға арнайы шақырылған «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес пен ардагер ұстаз Данағали Кенжабаев алдымен мектеп-интернат ғимаратында жұмыс жасап тұрған «Даңқ» музейінде болып, кейін білім ордасының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған ардагер ұстаз, мектеп-интернаттың бұрынғы директоры Данағали Кенжебаев 1985 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан музейдің ашылу тарихы жөнінде сөз қозғаса, «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес Ақтөбе жерінде құрылған 101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадасының тарихы туралы тың әңгімелер айтты.

— Жеңіс күні — мерекелердің ең ұлысы. Бұл күннің еш оңайлықпен келмегенін біз жақсы білеміз. Осы бір қасиетті мереке қарсаңында бас қосып отырған ғимараттың өз тарихы бар. 1941 жылы дәл осы ғимаратта 101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадасы жасақталған болатын. Аталған атқыштар бригадасының Жеңіс тарихындағы орны бөлек, — деген Ғалымжан Байдербес аталған бригаданың Ржев түбінде болған ұрыстағы жанқиярлық ерлігі мен тарихы туралы толық баяндап берді.

Мектеп-интернаты әкімшілігінің айтуынша, мұндай тағылымы мол шара мектеп қабырғасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button