Жаңалықтар

Ардагер ағаларға құрмет

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин еңбек ардагерлерін, туған жерге еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды мерекелерімен  құттықтады.

Облыс басшысы алдымен Қарғалы, Ойыл, Мұғалжар аудандарында бірінші хатшылық қызметтерін атқарған, Ақтөбе  облысына  белгілі азамат Сапар Сағынтаевтың  шаңырағында болды. Сонымен қатар Байғанин, Темір, Шалқар аудандарында 20 жылға жуық бірінші хатшылық лауазымын атқарған, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сматолла Беркімбаевтың отбасына барды. Ақсақалды мерейлі мерекемен құттықтап, сұхбат құрды.

«Сіздердей Ақтөбенің құрметті азаматтарымен кездесіп,  өздеріңізбен сұхбаттасу — мен үшін үлкен мәртебе. Туған жердің дамуына қосқан үлестеріңіз айрықша атап өтуге тұрарлық. Қасиетті өлкеміздің гүлденуіне қосқан үлестеріңізді жас ұрпақ ұмытпақ емес. Отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілеймін», — деді облыс әкімі.

Бірі тоқсан жасқа таяп қалған, екіншісі сексеннен асқан қариялар облыс басшысының  арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Келелі кездесу барысында Сапар Сағынтаев пен Сматолла  Беркімбаев өткен өмір жолдарынан естелік  әңгімелер айтып,  елге  тыныштық пен  ауызбіршілік тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button