Спорт

Халықаралық турнирде облыс әкімінің кубогы сарапқа салынады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин футболдан 2006 жылғы  жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған  халықаралық турнирдің ашылу салтанатына  қатысты.

Облыс әкімінің кубогы үшін 6 команда сынға түсетін болады. Ақтөбе өңірінен «Ақтөбе» футбол командасы мен №8 балалар және  жасөспірімдер спорт мектебінің командасы намысты қорғаса, Ресейден келген «Оренбург», «Носта» командалары6 Қырғызстанның    «Фрунзе» және Өзбекстанның «Бунедкор» футбол командалары ойыншыларымен өзара бақ сынайды.

«Облыста спортты дамытуға және спорттық ғимараттарды көбейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Спорттың барлық түріне қолайлы жағдай жасау мақсатында алдағы уақытта заманауи жеңіл атлетика стадионы, бокс орталығы, шаңғы базасы және басқа да спорттық нысандар қолданысқа беріледі. Бұл турнирге қаламыздың командаларынан басқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстанның футбол командалары қатысып отыр. Турнирдің ашылуымен барлығыңызды құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, спорттық жетістіктер тілеймін», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Төртінші рет өткізіліп жатқан бұл турнирдің мақсаты — жергілікті жеткіншектерге қолдау көрсету, жоғары сапалы, халықаралық бәсекеге қабілетті тәжірибе алмасу. №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында өтіп жатқан жарыс мамырдың алтысына дейін жалғасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button