Жаңалықтар

Су деңгейі төмен

Осыған байланысты бірқатар жұмыстар жасалуы керек

Өңірдегі су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын облыс әкімі бақылауда ұстап отыр.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бейсенбі күні өңірдегі су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын қадағалау мәселелерін жауапты мамандармен бірге  талқылау мақсатында жиын өткізді.

Басқосуға  облыс әкімінің орынбасары  Мавр Абдуллин,  Ақтөбе қаласы әкімінің  орынбасары Ибраим Күзбаев және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімінің мамандары қатысты.

Бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда, биыл су қоймаларына жиналған су деңгейі төмен. Сондықтан егін шаруашылығына, басқа да қажеттіліктерге орай су деңгейін көтеру үшін бірқатар жұмыстардың жасалуы керектігі жиында баса айтылды.

Жиында Елек өзені арқылы өтетін көпір құрылысы мәселесі де қаралды. Қала мен ауылды жалғап тұрған көпір болғандықтан, ол Өрлеу тұрғындарының сұранысы  бойынша қайта қалпына келтірілмек. Қала әкімдігі көпірдің жобалық-сметалық құжаттарын екі апта бұрын әзірлеу керек болатын. Алайда, жобалық-сметалық құжат дайын болмай отыр. Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Ибраим Күзбаевқа қатаң ескерту жасалды.

Оңдасын Оразалин жобаны тезірек жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар, облыс әкімі көпір құрылысы кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмеу және жақын маңдағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауды да тапсырды.

Облыс әкімі тұрғындар тарапынан туындаған ағаш кесу мәселесіне қатысты  сауалдарға әлеуметтік желілер арқылы нақты жауаптар қайтарылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.

Жиында қаралған мәселелерге байланысты облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллинге бірқатар тапсырмалар берілді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button