Жаңалықтар

Бағдар — Елбасы тапсырмалары

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII  сессиясында көтерілген мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мүшелері қатысты.

Басқосуда делегаттар сессия жұмысы туралы және Елбасының ұлтаралық келісім мен халқымыздың бірлігін нығайту бағытындағы жоспарлары туралы әңгіме өрбітті.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына еліміздің әр түкпірінен — 1300, ал біздің облыстан 30-дан астам делегат қатысып қайтты.

Оның ішінде облыс әкімі бастаған облыстық Ассамблея мүшелері, ардагерлер мен барлық этномәдени бірлестіктің төрағалары бар.

Елбасымыз алдымызға жаңа міндеттер қойып, тапсырмалар берді. Өзекті мәселелер айтылды, Қазақстанның әр түкпірінен жиналған түрлі этнос өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ Елбасы татулық пен тұрақтылық жəне еңбек қана алға жетелейтінін айтып, жастарды еңбекқор болуға, білікті маман атануға шақырды. Алдағы уақытта еліміздің ынтымағы мен бірлігін көздейтін тапсырмаларды орындауға біз қашанда дайынбыз, — деді жиында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытгүл Снабаева.

Сондай-ақ жиын барысында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк сөз сөйлеп, сессиядан алған әсерімен бөлісті.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button