Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде бұл күн ерекше жалпыұлттық мереке ретінде қабылданып, бір шаңырақтың астындағы түрлі ұлттардың достығының нышанына айналды.

Халқымызда «Бірлік түбі — береке» деген дана сөз бар. Біздің барлық қол жеткізген жетістігіміз бен табысымыз  бірлік пен татулықтың арқасында.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Елбасының көреген басшылығының арқасында кедейлік пен аласапыранды еңсеріп, тұрақтылық пен гүлденуге қарай бұрын-соңды тарихта болмаған теңдессіз қадам жасады.

Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бейбітшілік пен тыныштықтың, ұлттық береке-бірлік пен саяси-қоғамдық келісімнің мызғымас негізін қалады.

Елбасының айрықша күш-жігері мен көшбасшылығының арқасында біз жаңа мемлекет құрып, еліміздің бас қаласы жаңа елордамызды салдық. Ең бастысы, Тұңғыш Президентіміз тұтас мемлекеттің жаңғыруы жолында табысқа ұмтылған жаңа ұлттың негізін қалыптастырды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз тұрақтылық пен төзімділікті ту еткен қоғамның біртұтас үлгісін қалыптастырып, әлемдік қауымдастық алдында лайықты орнын алды.

Бүгінгі мерекемен тағы бір мәрте құттықтай отыра, Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, молшылық, бақыт пен сәттілік тілеймін!

Әрбір үйде татулық, қуаныш пен ынтымақ ұйысын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button