Жаңалықтар

«Бүкілқазақстандық универсиада – 2019» ойындары Ақтөбеде өтеді

Қазақстан Республикасының оныншы жазғы универсиадасы Ақтөбеде 11 мамыр күні салтанатты түрде бастау алады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында биылғы жылдың ірі спорттық шарасына дайындық барысы талқыланды. Жиын жұмысына бірқатар мемлекеттік органдардың, жергілікті жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Универсиада-2019 ойындарына қатысуға еліміздің елу жоғары оқу орнының 2 500-ден аса студенті өтініш берді. Олар спорттың баскетбол, гандбол, күрес, үстел теннисі, дзюдо, шахмат, жүзу, волейбол сынды 14 түрінен күш сынасатын болады.

Универсиаданың ашылу күні Ақтөбеде бір жағынан қаланың 150 жылдығына арналған 40 шақырымға жүгіру және «Aktobe RUN» 5-10 шақырымға жаппай жүгіру марафоны өтеді.

Жиын қорытындысында облыс басшысы жарысқа жоғары деңгейде дайындалуды, спорт алаңдарын абаттандыру шараларын жүзеге асырып, қатысушыларға медициналық көмек пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button